Түркістанда биыл бірнеше нысан пайдалануға беріледі

55
18.04.2024 16:07

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жаңадан салынып жатқан бірнеше нысанды аралады. Алдымен “Мәдениет үйі” ғимаратының құрылыс барысымен танысқан өңір басшысы содан соң «Сельмаг» су жинау ғимаратына барды. Құны 1 651,8 млн теңгелік жобадағы 4 су ұңғымасының жарамайтыны белгілі болды. Арнайы мекемелер ондағы су қорын анықтап, ұңғымаларды қайта қазды. Қазір су қоймасының электр жүйелері қосылып,  жан-жағы қоршалуда. Осы жоба арқылы шаһардың жүздеген тұрғыны сапалы суға қол жеткізбек. Сондай-ақ киелі шаһарда Жастар ресурстық орталығы ғимараты да салынуда. Маусым айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған жаңа нысанда демалыс аймағы, электронды кітапхана бөлмесі, жалпы барлық жағдай жасалмақ. Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен мердігерлерге жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.