Су тасқыны: 18651 адам үйлеріне оралды

32
18.04.2024 16:03

Елімізде су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 617  адамға жетті. Оның 44 мыңға жуығы бала. Ал, 18 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралған. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, әлі де эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам бар. Сондай-ақ, өңірлердегі 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды.  Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылып, 3,1 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселген. Ал, жалпы зардап шеккен өңірлерге бүгінге дейін жан-жақтан 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.