Түркістан
EN

СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

279
17.04.2024 21:35

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы екінші рет көтеріліп жатыр. Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады. Ондағы судың ең қауіпті деңгейі 1450 см екен. Ал қазір тіпті 1500 ден асқан. Петропавлдағы жағдай тұрақты. Қоймадағы су керісінше 5-см ге түскен. Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған. Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. 

️