Атыраулық өрт сөндірушілер 4 адамды ажалдан құтқарды

38
17.04.2024 16:35

Атыраулық өрт сөндірушілер 4 адамды ажалдан құтқарды. Оның екеуі бала.  Қаладағы 10 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатынан өрт шығып, төтеншеліктер арнайы сатымен құтқару жұмыстарын жүргізген. Қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап, қауіптің алдын алды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Айта кетерлігі, құтқарылғандар арасында 3 айлық нәресте бар.