Түркістанда карьерлерді заңсыз қолданушыларға қарсы күрес күшейді

55
17.04.2024 16:24

Жер қойнауын заңсыз пайдалану қатысты Түркістан облысында бір жылда 400-ден астам рейд жүргізілген. Нәтижесінде өзен-көлдерден заңсыз құм, қиыршық тас қазып алып, сатып жүрген 276 техника айып тұраққа қойылып, 31,8 млн. теңге айыппұл өндірілген. Аталған мәселе аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Облыс әкімі жауаптыларға заң бұзушыларды анықтау және көлеңкелі жер қойнауын пайдалану фактілерінің жолын кесу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.