Петропавлда мың үйді су басты

101
16.04.2024 21:57

Петропавл қаласында жағдай өте күрделі. Есіл өзені арнасынан асып, мыңнан астам үй су астында қалып отыр. Су деңгейі қатты көтерілгені сонша, кейбір үйлерді шатыры ғана көрінеді. Ондағы тұрғындар қауіпсіз жерге вахталық автобуспен тасымалданып жатыр. Себебі, Петропавл-Жезқазған республикалық тас жолының қалаға кіреберісін су басқан. Судың тереңдігі 75 сантиметрден асып кеткендіктен бұл жолдан жеңіл көліктер жүре алмайды.