Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

49
16.04.2024 21:55

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов президентке өңірдегі ахуалды баяндады. Қазір 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған. 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10 мың 345 адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5 мың адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.