Түлкібас ауданында ауқымды жобалар іске асып жатыр

51
15.04.2024 16:20

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барып инвестициялық жобалармен танысты. Алдымен «Састөбе инновациялық кешеніне» барып, құрылыс жұмыстарын бақылады. Жылына 100 тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид және 1 млн. тонна цемент өндіретін кешеннің жоба құны 159 млрд теңге. Қазіргі таңда зауытқа қажетті инфрақұрылым толық тартылып қойған. Нысан іске қосылған жағдайда 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Облыс әкімі жауаптыларға кәсіпкерлерді сүйемелдеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.