Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды

82
12.04.2024 22:33

Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан әлем біріншілігіне 18 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде ұлдар 60, 66 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күш сынаса, балуан қыздар  48,52,57 келі салмақта шеберлік байқасты. Жарысқа қатысушы спортшылар жоғарғы дайындықпен келген. Чемпионат Түркістан қаласындағы Olympic Centre спорт кешенінде өтіп жатыр және 14 сәуірге дейін жалғасады.