100 жүн көрпе мен 300 жылы күртеше Ақтөбеге жетті

25
11.04.2024 17:17

Қарғын судан зардап шеккен аумақтарға көмек беру жалғасуда. Осы ретте Түркістан облысы «Аманат» партиясы Ақтөбе облысына арнайы барды.  Игі істі жеткізуге облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева бастаған. 

Зардап шеккен тұрғындарға көмек ағыны толастар емес. Түркістандық депутаттар  Ақтөбе облысы Қобда ауылына гуманитарлық көмек жеткізді. Онда азық-түліктен өзге, облыстық тігін фабрикаларының төл өнімі бар. Игілікті іске өңірдің 17 аудан, қаласы үлес қосуда.