Екі жақ бейбіт келісімге келді

219
21.05.2021 13:25

Таяу Шығыста Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы атыс тоқтады. Оқ атпау режимі Палестина мен Израиль уақыты бойынша бүгін түнгі сағат 2-де  күшіне енді. 11 күнге созылған қанды қырғынның аяқталуына Египет билігі мен халықаралық қауымдастықтардың арағайындық жасағаны себеп болып отыр. Айта кетейік, Таяу Шығыста мамырдың 10-ы күні ушыққан ұрыстан Газа секторында 230 палестиналық қаза тапты. Оның 65-і бала болса, 39-ы әйел. Тағы 1710 адам жарақат алды. Одан бөлек, аймақтағы инфрақұрылымға орасан зор зақым келген. Ал, Израиль тарапынан 12 адам мерт болды.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

«Бұл шиленіскен жағдайды шешудің екі жолы бар. Бірі оларды жеңу керек. Бірі бейбіт жолмен келісімге келу. Біз екінші жолды таңдадық. Өйткені қаншама жазықсыз жандар қаза тапты. Оған көз жұмып қарай алмаймыз. Енді тыныштық орнайды деп ойлаймын. Екі тарапта бұл келісімді бұзбау керек.»