Келестік тұрғын үйінде шұлық өндіріп, табысқа кенеліп отыр

74
01.04.2024 16:53

Келестік тұрғын үйінде шұлық өндіріп, табысқа кенеліп отыр. Небары 4 адам жұмыс істейтін цех тәулігіне 300-ден астам шұлық өндіреді. Өнімге сұраныс жоғары. Себебін Әріптесім Нұрдәулет Сыздық айтып берсін. 

Тұрапбаевтардың бір тәулігі осы жұмыс алаңында өтеді. Тоқыма станогына жіпті жалғап, қажетті көлем, түсі мен формасына қарай 3 минутта бір шұлық шығарады. Келесі кезең тігу құрылғысында жалғасады. Жабдық 30 секундта бір жұп шұлықты тігіп шығады. Жартылай дайын болған өнім 250 градустық үтікке жөнелтіліп, форма беріледі. Осылайша 4-5 минут шамасында бір шұлық дайын болады.