Дизель отынын шекарадан заңсыз асырмақ болғандар ұсталды

133
01.04.2024 16:45

Түркістан облысында дизель отыны контрабандасының жолы кесілді. Шекарада пысықай жүргізушілер 47 тоннаға жуық отынды заңсыз алып өтпек болғаны анықталған. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес өңірде рейдтік шара өтіп жатыр. Мұндағы мақсат - жанар-жағармай бекеттерінде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығының алдын-алу, алыпсатарлыққа және дизель отынына қолдан тапшылық жасауға жол бермеу. 3 тәулікке жалғасқан рейд кезінде 2 хаттама толтырылып, 683 020 теңге айыппұл салыныпты.