Қанат Шарлапаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

131
01.04.2024 16:43

Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Түркістандық кәсіпкерлермен кездесті. Жиынға өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарының өкілдері келді. Олар бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар мен мүмкіндіктер қарастыру жайын талқылады. Отандық шикізат тапшылығы мәселесі де назардан тыс қалмады. Министр өз кезегінде айтылған ұсыныстарды толық қолдайтынын жеткізді. Тиісінше, мәселелерді бақылауға алып, жауаптыларға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. 

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ