Су басқан аймақтарға көмек ретінде өңірлерде «Күшіміз – бірлікте» акциясы өткізіліп жатыр

202
01.04.2024 16:41

Түркістандықтар табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге жылу жинай бастады. Елдегі жағдайға бей-жай қарамаған жастар «Күшіміз – бірлікте» акциясын қолға алды. Қазір тұрмысқа қажетті 30 тоннаға жуық зат жиналған. Игі іске жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар да атсалысып жатыр. 

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созуға Түркістан облысының жұртшылығы да үлесін қосуда. Аймақта қоғам белсенділері мен волонтерлер тобы құрылып, гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Ол үшін облыстық жастар орталығында арнайы штаб құрылып, оған өңірдің барлық аудан-қалаларынан азық-түлік және қажетті заттар әкелуде. 

ПЕРДЕБЕК ЕСҚҰЛ - ТО «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ