Су тасқыны: өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жатыр

129
01.04.2024 16:33

Елімізде су басқан аймақтардан барлығы 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Су шайып кеткен 40 автожолды, көпірді, 39 жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құтқару жұмыстарына 7 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам техника, оның ішінде су айдау құралдары, жүзу және әуе кемелері тартылған. Аймақтардағы қазіргі жағдай қалай? Тілші материалынан көрейік.

Ақтөбе облысында биыл 10-нан астам өзен арнасынан асты.Салдарынан 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысанды су басты. 5 аудан және облыс орталығы Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды. Қобда ауылында Маңғыстау облысының құтқарушылары құм толтырылған 250 қаппен бөгет жасады, 7 мекен жайдан 4500 текше метр су сорылды және суға батқан 17 мекен жай бойынша үйлерден үй заттарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.