Су басқан ауылда егіздер туылды

274
01.04.2024 16:31

Су басқан Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында егіздер дүниеге келді. Нұра ауылы аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол жабық болғандықтан арнайы мамандардан құралған бригада межелі жерге дейін жете алмапты. Сондықтан, ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандырып, амбулаторияға жеткізді. Қазіргі уақытта әйел мен жаңа туған екі қыз баланың жағдайы жақсы.