Арыстағы жарылысқа қатысы барларға сот үкімі шықты

161
27.07.2021 23:27

Арыстағы оқ қоймадан шыққан жарылысқа байланысты айыпталғандардың ісіне нүкте қойылды. Атышулы сот отырысында 16 адамға үкім оқылды. Кінәлілердің 12-сіне 4 пен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, төртеуі 7 жылға дейін шартты түрде сотталған. Айыпталушылардың бірі үкіммен келіспейтінін жеткізген. Сотталғандардың ішінде ең ұзақ мерзімді әскери мақсатқа бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталған күдіктілер арқалады. Нақтырақ айтсақ, аудандық пайдалану бөлімінің басшылығы мен әскери бөлім командирі техникалық күзет құралдарын монтаждауға бөлінген бюджет ақшасын жымқырғаны үшін 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сот отырысында жәбірленушілердің базынасы назардан тыс қалды. Олар өтемақы төленбегенін айтып наразы. Соттың соңғы отырысында да бұл тақырып жабулы күйінде қалды.