Дархан Сатыбалды Түркістан қаласын қоғамдық көлікпен аралады

91
21.03.2024 16:24

Облыс әкімі қаланы автобуспен аралайды. Дархан Сатыбалды басқарма басышларын қоғамдық көлікке мінгізіп, жол бойында кездескен проблемаларды көтерді. Қала аумағындағы 28 көшені ретке келтіру жұмыстарын қадағалап шықты. Өңір басшысы шаһардағы абаттандыру жұмыстарына қатысты сын-ескертпелер де айтты. Тазалық жұмыстарына күш салуды, қоғамдық орындар мен қала көшелерінде гүлдерді көптеп егуді тапсырды.  Бүгінгі таңда 18 көшенің қоқыстарын тазалап, нысандарды әктеп-сырлау жұмыстары толық аяқталған. Анықталған кемшіліктер бойынша ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы 1500-ге жуық нысан ретке келтіріледі.