Жаңару күнінде Түркістан облысының әкімі көпшілікпен бірге ағаш екті

76
19.03.2024 16:20

Бүгін елімізде жаңару күні. Осыған орай Түркістанда жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, мектеп оқушыларымен жас көшеттерді бірге екті. Жалпы бұл күн ел өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Ал ел аумағында отырғызылған жаңа көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелемек.

ЖАНДОС МАХАНБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.У.А.