Ерекше балалардың арманы орындалды

64
19.03.2024 16:14

Балаларға қуаныш сыйлап, түрлі сыйлықтар табысталды. Жетісай ауданындық оңалту орталығында «Наурыз – мейірімділік мерекесі» іс шарасы өтті. Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған мереке жайлы толығырақ тілші тарқатсын. 

Бүлдіршіндердің жүзінен қуаныш байқалады. Себебі олар өз қалауына сай түрлі ойыншықтарға қол жеткізді.  Сондай-ақ балаларға арналған концерттік бағдарлама, ұлттық салт дәстүрден қойылымдар да көрсетілді. Басты мақсат - балаларға жоғары көңіл күй сыйлау.

СЕРІК ПІРІМБЕКОВ – ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ