Күні кеше ауыл әкіміне өзін-өзі ұсынғандар арасынан шу шықты. Бір емес, білдей 17 адамның дипломы жалған екен. Сондай-ақ 4 адам осыған дейін істі болған. Бұл туралы еліміздің президент әкімшілігі басшының орынбасары Мәлік Мырзалин мәлімдеді. Өз сөзінде ол арнайы тексеру заң талабы және мемлекеттік қызметкерлердің бәріне ортақ міндет екенін айтты. Сондықтан арнайы тексеру нәтижесі бойынша жалған диплом иелері мен сотты болғандар сайлауға қатыстырылмағанын түсіндірді. Президент әкімшілігі басшысы орынбасарының пікірінше, ауыл әкімдерін тікелей сайлау басқару сапасына әсер етуі тиіс.
️