Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметов елге оралды. Ол мінген ұшақ бүгін Алматыға таңға жуық қонды. Алаштың мерейін асырған жерлесімізді туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері, эстрада жұлдыздары сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алды. Ал спортшыға қолдау білдірген бір топ азамат оған, ерлігі үшін астына темір тұлпар мінгізді. Елдос Сметов Токио төрінде өткен додада әлемнің үздік дозюдошыларымен тайталасып, тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді. Ол жартылай финалға дейін бар күшін-жігерін сарп етті. Дегенмен бұл жолы спортшымыз сыр-алғы қарсыласы, жапон өкілі Нао-хиса Така-тодан аз ғана ұпайпен жеңілді.
️