Түркістанға Премьер-министр келді

243
15.03.2024 16:23

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен  Түркістанға келді. Рухани шаһардағы сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастады. Одан соң, ағын су мәселесін шешуде маңызды рөлі бар "Тұран су" мекемесінде болды. Сондай -ақ, Түркістан мен Кентау қалаларындағы бірқатар стратегиялық маңызды нысандардың жұмысымен танысты.  Премьер-министр  Орталық Азиядағы танымал «Кентау трансформатор зауытына  арнайы барды. Алып кәсіпорында 840 адам жұмыспен қамтылған. Ал өнімдері елімізден өзге шет мемлекеттерге де экспортталып жатыр.