Өткен жылы 1 адам Конго-Қырым қанды безгегінен қайтыс болған

283
13.03.2024 16:34

Күн жылына бастағаннан кенелер де жыбырлап оянады. Түркістан облысында былтыр 1623 адамды кене шағып оның 13-інің ауруы зертханалық расталған. Ал 1 науқас көрсетілген ем-шараларға қарамастан қайтыс болған. Мамандар сондықтан да тұрғындарды жеке қорғаныс шараларын қатаң сақтауға шақырады. 

БАХТЫОРАЗ ЕЛЕМЕСОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Жеке қорғаныс шараларынан басқа, ауладағы қоқысты шығарып отыру, үй жануарларының жүнін арна­­йы құралдармен тазалау аса маңызды. Ал өз кезегінде жауапты мамандар аурудың алдын алу үшін облыста жыл сайын кенеден өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Биыл бұл жұмыстар наурыздың 26-на басталғалы отыр. 

ҚАСЫМБЕК ТӨРЕГЕЛДИЕВ - “ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ” ШЖҚ РМК “ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕЗИНФЕКЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ” ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ