Рамазан айы 11 наурызда басталады

356
07.03.2024 17:14

Биыл мұсылман қауымы үшін қасиетті ай саналған «Рамазан» айы 11 наурызда басталады. Бұл туралы Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді. Ал Қадір түні сәуірдің 5-інен 6-на қараған түні болады. Отыз күнгі ораза сәуірдің тоғызы аяқталып, 10 сәуір Айт мерекесін тойлау басталады. Түркістан облысының бас имамы рамазан айына дайындық барысын пысықтап, пітір садақаның мөлшеріне де тоқталды.