Жеміс-жидектерді өңдеу цехы ашылды

280
01.03.2024 16:11

Түркістанда жеміс жидектерді өңдеу цехі ашылды. Оның лентасын қию рәсіміне ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты. Енді Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетіне қарасты ботаникалық бақта өсірілген жемістер кептіріліп, нарыққа шығарылмақ. Өндірістік цех қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Және онда өнімдерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, сақтау сынды қызмет түрлері жасалады. Цех тəулігіне 5 пен 7 тонна өнім қабылдап, өңдеуге мүмкіндігі бар.