Түркістанда «Қазақ тілі - ғылым тілі: Дәстүр және инновация» симпозиумы өтіп жатыр

268
01.03.2024 16:05

Қазақ тілі ғылым тілі ретінде өрісін кеңейтуі шарт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев І Ұлттық Құрылтайда осылай деген еді. Енді міне Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Түркістан қаласында  «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбында симпозиум өтуде. Кездесуде көтерілген тақырып мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту. Сондай-ақ шарада үздік ғылыми қызметкер мен мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері марапатталды.