Ресейде 3 адам өлтірген қылмыскер Түркістанда ұсталды

118
29.02.2024 16:34

Ресейде 3 адамды өлтірген шетелдік Түркістан облысынан ұсталды. Ол «Жібек жолы» бекетінде шекарадан өтпек болған. Күдікті 2016 жылы өзінің сыбайласымен бірге Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында 3 адамды өлтірген. 19-27 ақпан аралығында Ішкі істер министрлігі жедел уәкілдері ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады. Мәселен, Жамбыл облысында ірі мөлшерде пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеудегі тағы бір өзбекстандық анықталды. Ал Қызылордада адам ұрлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Мәліметтер бойынша, қаскөй 1996 жылы 2 адамға күш көрсетіп, белгісіз бағытқа алып кеткен. Бұдан бөлек, республикалық криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.