Келес ауданында жалпы құны 50 млрд теңге болатын 4 кәсіпорын ашылады

157
28.02.2024 16:30

Биыл Келес ауданында жалпы құны 50 млрд теңге болатын 4 кәсіпорын ашылады. Оны Қытайлық ірі компания жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, желатин өндіретін, тамшылатып суғаруға арналған құрылғылар шығаратын және тері илейтін зауыт іске қосылады. Бүгінде бөлінген жер учаскесіне инфрақұлымдық құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі  Жәнібек Ағыбаев облыс ортағында өткен баспасөз жиынында айтты.