Белгілі актер дүние салды

206
21.05.2021 13:19

Халық арасында Фара есімімен танымал актер өмірден озды. Фархат Әбдірайымов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Өнер иесінің кино салсындағы мансабы 1994 жылы басталған. «Кімнің жаны нәзік болса», «Застава»,  «Шанхай», "Махаббат тәлкегі", "Рэкетир - 2" сынды фильмдерге түскен.  Қазақстандық және ресейлік көрермендерге «Фара» фильмі арқылы өте жақсы таныс. Мұнда актер Кристина Орбакайтемен бірге ойнаған. Сонымен қатар, талантты өнер иесі көптеген фильм, жарнамалық роликтерге түскен.   Ол Грузиядағы кезекті түсірілім кезінде қайтыс болды.