Алматыда сейсмикалық жаттығулар кезінде жер сілкінісі болды

175
23.02.2024 16:16

Алматыда дәл сейсмикалық жаттығу кезінде жер сілкінісі болды. Нақтырақ айтқанда, бүгін сағат 10 нан 8 минут өткенде 2 балдық сілкініс тіркелген. Оның эпицентрі  қаланың оңтүстігінен шығысына қарай 259 шақырым жерде, яғни Қытай аумағында. Мамандардың айтуынша Алматы сейсмикалық қауіпті аумақта орналасқан. Сондықтан айына бірнеше рет жер сілкінісі тіркелуі мүмкін. Егер зілзала 2-4 балл аралығында сезілген жағдайда  қауіпті емес. Өйткені бұл көрсеткіш осы өңірге тән режим.