«Ұлттық қор – балаларға!» Шотқа түсетін сома өсе ме?

184
22.02.2024 16:28

1-ақпаннан бастап ел азаматы болып есептелетін барлық балаға Ұлттық қордан қаржы бөлінді. Бағдарлама іске қосылған алғашқы 10 күннің ішінде үй жағдайын жақсарту мен нысаналы жинақ төлемін алуға 41 өтінім түскен. Ал 42 азамат білім беру ақысын төлеуге ниет білдірген. Қордан бөлінетін қаржыны алушылардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Бүгінге дейін 922 841 азамат қатысушы ретінде тіркелген. Одан кейінгі кезекте Алматы қаласы мен Алматы облысы тұр.