Полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі

252
20.02.2024 17:00

Түркістандық полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі. Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент-Жетісай тас жолында "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде жедел уәкілдер есірткі заты салынған 4 қап тапты. Көліктегі екі жігіттің Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды.  Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.