Түркістан
EN

Арыстық оқушы «автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тапты

331
19.02.2024 21:45

Әділет Медеу - Байырқұм ауылындағы М.Шаханов мектебінің оқушысы. Ол сабақтан тыс уақытта робототехникамен айналысады. Үйірмеге 5-сыныптан бастап қатысып жүр. Алғашында көлік құрастырып бастаған ол, кейін келе үлкен қалалардағы кептелісті шешу үшін  автоматтандырылған автотұрақты қолға алған. Осылайша соңғы жылы ұсынған жобасы бірнеше республикалық байқауда талайды таңдандырған көрінеді. Тіпті оқушы өз өнертабысын патенттеуге құжат тапсырып та үлгерген. 

️