Дәл қазір: Қастеев 120 жылдығына орай шеберлік сағаттары өтеді

282
16.02.2024 17:23

Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер – Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл. Қайталанбас қолтаңбасы бар дарабоз суретшінің артында үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картиналар қалды. Дарынды суретшіні еске алу мақсатында Түркістан қаласында «Ұлы даланың ұлы суреткері» атты іс – шарасы өтіп жатыр. Дәл қазір шарада әріптесім Қарлығаш Әзіретберген жүр.