Суармалы егіншілікте суды айрықша тиімсіз пайдалану деректері бар

399
15.02.2024 20:50

Қазір елімізде 1,9 млн гектарға жуық суармалы жер бар. Алайда оның тек 16 пайызына ғана су үнемдеу технологиялары қолданылып келеді. Бұл шамамен 312 мың гектар жер ғана. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Осыған орай, жауаптылар ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып тамшылатып және жаңбырлатып суаруға қажетті жабдықтар санын арттыруды қолға алғанын жеткізді. Сондай-ақ, субсидиялау үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жұмыстары басталған.