Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады

180
15.02.2024 16:13

1-наурыздан бастап өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Байқауға облыстағы 35-ке толмаған  жоғары білімі бар  жастар қатысып, 2 жыл ішінде жаңа лауазымға тағайындалуға мүмкіндік алмақ. Бастысы белгілі бір салада кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Өркен Балажанов жастармен кездесу барысында хабарлады. Іріктеу 6 бағыт бойынша 31-наурызға дейін жалғасады.