Алматы облысы: сайлаушылардың 66,5 проценті өз таңдауларын жасады

174
26.07.2021 23:03

Алматы облысы бойынша сайлаушылардың 66,5 проценті өз таңдауларын жасады. Өңір бойынша 71 ауылдық округте әкімдер тағайындалды. Саяси додағы түскен  238 үміткердің 154-і өздерін ұсынғандар. Өңірде 220 мыңнан аса дауыс берушілер  тіркелсе, 200-ге жуық сайлау учаскелері жұмыс істеді. Ауа-райының ыстық болғанына қарамастан сайлаушылар дауыс беруге белсенді араласты. Барлық учаскелерде карантиндік сақтық шаралары қатаң сақталды. Үміткерлер үгіт-насихат кезінде ауылдардағы жол, су және жастарды жұмыспен қамту сынды өзекті мәселелерді оңтайлы шешіп, әлеуметтің әлеуетін көтеруді басты назарға алған. Ресми деректерге сүйенсек, тіркелген кандидаттардың 84 проценті ер азаматтар, қалғаны - әйелдер. Олардың орташа жасы қырықта. Ауыл халқы бұл саяси науқаннан үлкен өзгеріс күтіп отырғанын айтты.