.Бүгін әкімдер сайлауының қорытындысы шықты. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 166 үміткер додаға түсіп, соның ішінде 89 адам өзін-өзі ұсынған. Нәтижесінде, 60 адам жеңіп шықты. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының айтуынша, сайлау барынша әділ өткен. Ешбір бюлетеньді жарамсыз деп тануға және сайлауды қайта өткізуге негіз жоқ. Сайланған әкімдердің орта жасы – 46,7. Ең жас әкім 29-да болса, ең егдесі – 61 жаста.
️