«Әзірет сұлтан» халықаралық әуежайы жаңа бағытта дамиды

182
13.02.2024 19:26

Түркістандағы «Әзірет сұлтан» халықаралық әуежайы жаңа бағытта дамиды. Бұған дейін нысанды басқарып келген «YDA» компаниясы 1-наурыздан бастап өз жұмысын тоқтатады. Тиісінше, әуежай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басқаруына өтеді.  Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен отырыста жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.