Биыл жаз ыстық болады: ТЖМ өрт қаупі туралы ескертті

280
13.02.2024 18:34

Биыл елімізде жаз ыстық болмақ. Сондықтан сақ болу керек. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Ведомство өртке қарсы дайындық жұмыстарын қазірден бастап кетті. Бекітілген бұйрық пен жоспар аясында жұмыс істеп, құрал-жабдықтар мен күшті сайлап жатыр. Ал төтенше жағдайлар министрлігі қолданыстағы заңға сәйкес, өрт қаупі туралы ескерту және елді мекендердегі өртті сөндіруге жауап береді. Еске сала кетсек, былтыр Қазақстанда 800-ден аса орман өрті тіркелген.