Түркістан облысы мен Маңғыстау облыстары арасында меморандум түзілді.

181
26.07.2021 22:58

Түркістан облысы жыл соңына дейін Маңғыстау өңірін мал азығымен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта екі облыстың мәслихат хатшылары меморандумға қол қойды. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан өңірі алғашқылардың бірі болып қуаңшылықтан зардап шеккен Батыс халқына көмек көрсетті. Кездесу барысында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Нури Тумышев бастаған депутаттар өңір тұрғындарының атынан Түркістан облысының басшылығы мен халқына, осындай ауыр кезеңде көмек қолын созғаны үшін алғысын білдірді.  Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Маңғыстау облысына осы кезге дейін 67 вагон және жақын арада тағы 8 вагон шөп жөнелтілетінін айтты. Ол, бірінші кезекте, қарапайым тұрғындарға таратылады.