Түркістан
EN

Полицейлер жолаушыдан арқар мен ақбөкеннің мүйізін тәркіледі

203
13.02.2024 01:58

Түркістан облысында жолаушы көлігінен арқар мен ақбөкеннің мүйізі тәркіленді. Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер күдік туғызған «Audi» көлігін тоқтатқан. Нәтижесінде, жолаушының сөмкесінен жабайы арқардың бас сүйегі мен бірнеше ақбөкеннің мүйізі табылды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны. Әрі, ер азаматтың бұрын сотты болғаны анықталды. Одан, табылған заттай айғақтар тиісті сараптамаға жолданды.

 

️