«Amanat» партиясы тұрақты жұмыс жасап, белсенді әйелдерді қолдауға үлкен көңіл бөлуде. Нәтижесінде, партия хатшысы Шолпан Таңатқызынының бастамасымен 2023 жылы қараша айында әр аймақта Әйелдер қанаты құрылды. Мұндағы мақсат - Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті шеңберінде әйелдердің қоғамдағы рөлін ілгерілету. Күні кеше Түркістан облысында аталмыш партияның алғашқы отырысы өтті. Бұл шарада - жаңадан құрылып жатқан ұйымның алдағы міндеттерін белгілейтін іс-шаралар тізбектелді. Одан соң алғашқы кеңейтілген отырыста Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек ғана алға қараумыз керек» атты мақаласы талқылап, талдалды. Жалпы, Әйелдер қанатының қызметі 10 бағытты қамтиды. Бұл ретте, әр бағыт тізбегінде 8-10 адамнан тұратын жұмыс топтары құрылды. Бұл бағыттар әлеуметтік, құқықтық және басқа да мәселелерді шешуге бағдарланған.
️