18:00-ге дейін қанша адам дауыс берді?

298
25.07.2021 08:04

Түркістан облысы құрылғалы бері бірнеше аудан жеке дара бөлініп шықты. Солардың қатарында Келес ауданы да бар. Орталығы Абай ауылы. Халқы тығыз орналасқан. Бүгінде өңірдегі 5 бірдей ауылдық окургтің әкімі сайлау арқылы қызметіне кіріспек. Жалпы, ауданда 58 арнайы пункт жасақталған. Соның ішінде ішінде әсіресе Абай ауылындағы нөмірі 327-і сайлау учаскесіне қарасты жұрттың белсенділігі өте жоғары. Сонымен қатар, Қошқар ата ауылындағы нөмірі 339 сайлау учаскесінде адам қарасы үзілер емес. Осылайша олар өз әкімдерін өздерінің таңдауы маңызды қадам екендігін ұғынып, белсенділік танытуда.