Достық үйі қолданысқа беріледі

193
12.02.2024 15:32

Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды құрылыс алаңында болып, мердігерлерге тиісті тапсырма берді. Жаңа нысан биыл қазан айының соңында пайдалануға берілмек. 4 қабатты ғимаратта түрлі этностық тақырыпта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылады. Бүгінгі таңда ғимараттың қазаншұңқыры қазылып, бетон құю жұмыстары толық аяқталған. Айта кетейік, өңірде 50-ден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.