Қай өңірде сайлаушылар белсенді?

452
25.07.2021 07:59

Арыс қаласының тұрғындары да саяси додада белсенділік танытуда. Жалпы шаһардың  Байырқұм, Жиделі, Монтайтас сондай ақ Қожатоғай ауылдық округтерінің тұрғындары өз таңдауын жасайды. Айта кетейік, мұнда 12 сайлау учаскесі бар. Қазірге дейін 5 сағат ішінде тұрғындардың 50 пайызы, яғни 5243 адам дауыс беріп үлгерген. Қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен сайлау заң талаптарына сай өтуде дейді мамандар. Қазіргі таңда  ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі өзгермеген. Олар бұрынғысынша төрт жылға сайланады.