Төле биліктер жақын күндері толықтай көгілдір отынға қол жеткізбек. Бүгінде аудан тұрғындарының 90 пайыздан астамы газға қосылған. Қалған 7 елдімекенде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құбыр тарту жұмыстары жүруде.
Сатыбалды қария - Қоғалының тумасы. Жасы 74-те. Жастайынан көмір жағып, күл шығарып келеді. Таулы аймақта қыс қатты болады. Соның азабын тартқан қария: «ауылға газ келсе, қыстан қысылмай шығатын күннің ауылы алыс емес», - деген үмітте.
САТЫБАЛДЫ ТАШЕНОВ –АУЫЛ ҚАРИЯСЫ
Газ келеді дегенге 3-4 жыл болып еді. Биыл ақша бөлінді деп кеп жатыр ғой. Басы қасында тұрамыз.ай мына жерді бұзып кетпе деп. Бұзылған жерлерді өздері істеп беріп кетіп жатыр.
Таулы аймақтағы газ тартылып жатқан елді-мекеннің үшеуі - осы Қоғалы ауылында. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 700 млн. теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Қазір мұнда 6 техника жұмыс істейді.
ҚАЙРАТ ҚЫПШАҚОВ - ҚОҒАЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Аяқталып қалғаны Кіші Алшалы толық аяқталып бітті. Енді Үлкен алшалы қалды аяқталмаған. Онан кейін Ұзынарық пен Диханкөлде, құрылыс жұмыстары бір деңгейде жүріп жатыр. Бір екі үй проeктыге енбей қалғандар бар. Тапсырыс беруші мекемемен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз ол үйлерді де қосу үшін.
Қоғалы ауылы аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Егер газ тартылса, мұндағы 4000-ға жуық тұрғынның тұрмысы жеңілдей түспек. Сондай-ақ ауыл көшелеріне жарық қойылып, аяқ жолдар салынды. Осыған дейін өзекті болып келген ауызсу мәселесі де көп ұзамай шешімін таппақ.
️