Бүгін Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтіп жатыр. Осы жаздың ең маңызды саяси оқиғасы таңғы 7-де басталып та кетті. Кандидаттарды тіркеу шілденің 14-інде аяқталды. Ал кеше «тыныштық күні» болды. Яғни елде қандай да бір сайлауалды үгіт-насихатты жүргізуге тыйым салынды. Жалпы бүгінгі науқанға қанша үміткер қатысып отыр? Ауыл әкімдері қанша уақытқа сайланады?
2. Ал, Түркістан облысындағы 60 ауылдық округте 166 кандидат бақ сынап жатыр. Үміткерлерді іріктеу үшін 265 мың адам дауыс береді деп күтілуде. Ол үшін 241 сайлау уческісі жасақталыпты. Дауыс беру таңғы 7.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.
️